jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық балуан қыздар Бішкектегі лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын иелене алмады

    Жәмила Бақбергенова
    Жәмила Бақбергенова. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде әйелдер күресінен сынға түскен қазақстандық балуандар Олимпиада лицензиясын иелене алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 20 сәуірде Бішкектегі жарыстың жартылай финалында үш қазақстандық балуан қыз Олимпиада жолдамасы үшін белдесті.

    53 кг салмақтағы Жұлдыз Ешімова солтүстік кореялық балуаннан 4:0 есебімен жеңіліп қалды. Ал Лаура Ғаниқызы (50 кг) үндістандық Винеш Винешке есе жіберді. 76 кг салмақта бақ сынаған Жәмила Бақбергенова қытайлық балуан Цзюнь Ваннан ұтылды.

    Қазір Қазақстан қоржынында әйелдер күресінен Париж Олимпиадасының бірде-бір жолдамасы жоқ.

    Еске салайық, кеше, 19 сәуірде еркін күрес шеберлері Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынаған еді. Қазақстан құрамасы сапынан Әлішер Ерғали (97 кг) мен Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) лицензия жеңіп алды.

    Қазақстандық балуан қыздар Бішкектегі лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын иелене алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.