Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Опубликовано:

Қазақстандық балуан
Қазақстандық балуан. Фото: instagram/qaz_team_official

Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының 3-күні Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қола медаль үшін күрескен қазақстандық балуан Аруна Жангельдина (78 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) қосымша уақытта (golden score) қарсыласына есе жіберіп, үздік бестікті түйіндеді.

Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қалған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады. Қола жүлде жолында жеңілген 2 дзюдошы 250 ұпайға қол жеткізеді.

Айта кетейік, ертең командалық бәсеке өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай финал жолдамасын Үндістан командасымен сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2089103-bugin-dzyudodan-qazaqstan-quramasy-aziya-cempionatynda-zuldesiz-qaldy/

pixel