jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Азия чемпионы мансабын қайта жалғастырып, ұлттық құрама сапына қосылды

    Дидар Хамза
    Дидар Хамза. Фото: olympic.kz

    Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар штабы келесі ірі турнирге қатысатын команданың құрамын жариялады. Аталмыш құрамда 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    "Үлкен дулыға" сериясының жарыстары 3-5 мамыр аралығында Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы сапында 13 спортшы жүлделі орындар мен рейтингтік ұпайлар үшін таласады.

    60 кг дейін: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев;

    66 кг дейін: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов;

    73 кг дейін: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар;

    81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар;

    90 кг дейін: Аян Байғазы, Дидар Хамза;

    100 кг дейін: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан;

    100 кг жоғары: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

    23 сәуірде Гонконгта дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл турнирде қазақстандық дзюдошылар төрт қола медаль жеңіп алды: үшеуі жекелей сында, біреуі командалық есепте.

    Дзюдодан Азия чемпионы мансабын қайта жалғастырып, ұлттық құрама сапына қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.