Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын соңғы турнирге кім қатысады

Опубликовано:

Әлішер Ерғали (сол жақта)
Әлішер Ерғали (сол жақта). Фото: instagram.com/qaz_olympics

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мамыр айында Стамбұлда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кімдердің қатысатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас бапкердің айтуынша, әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылар Түркияда өткен "Яшар Догу" турнирінде анықталған.

"Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойдық. "Яшар Догу" халықаралық турнирінің қорытындысын назарға аламыз. Қазір бізде 3 салмақта жолдама жоқ. Сондықтан, Стамбулдағы соңғы турнирге төмендегі балуандар қатысады:

  • 57 кг: Рахат Қалжан;
  • 65 кг: Адлан Асқаров;
  • 74 кг: Талғат Сырбаз.

Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады", - деді бас бапкер.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады. Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали (97 кг) мен Юсуп Батырмұрзаев, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 кг) жолдама иеленген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2091251-kuresten-olimpiada-zholdamasyn-sarapqa-salatyn-songgy-turnirge-kim-qatysady/

pixel