Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы мүмкіндік: қазақстандық балуандар Түркияда өтетін лицензиялық турнирге қатысады

Жарияланған күні:

Лаура Ғаниқызы
Лаура Ғаниқызы. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Әйелдер күресінен Олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі Стамбұлда (Түркия) 9-12 мамыр аралығында өтеді. Бұл жарыста әйелдер күресінен Қазақстан намысын қорғайтын балуандар тізімі:

  • 50 кг: Лаура Ғаниқызы;
  • 53 кг: Марина Седнева;
  • 57 кг: Лаура Алмағанбетова;
  • 62 кг: Ирина Кузнецова;
  • 68 кг: Елена Шалыгина;
  • 76 кг: Эльмира Сыздықова.

Қазір Қазақстан қоржынында әйелдер күресінен Париж Олимпиадасының бірде-бір жолдамасы жоқ. Бішкекте (Қырғызстан) күрес түрлерінен өткен Азия құрлығының іріктеу турнирінде қазақстандық балуан қыздар лицензия иелене алмаған еді.

Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов соңғы лицензиялық жарысқа кімдер қатысатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2093000-songgy-mumkindik-qazaqstandyq-baluandar-turkiiada-otetin-litsenziialyq-turnirge-qatysady/