Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген қазақстандық балуанға ақшалай сыйақы табысталды

Опубликовано:

Әлімхан Сыздықов пен оның жаттықтырушысына ақшалай сыйақы табысталған сәт
Әлімхан Сыздықов пен оның жаттықтырушысына ақшалай сыйақы табысталған сәт. Фото: instagram.com/zhsshm.shymkent

Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған грек-рим күресінің шебері Әлімхан Сыздықов пен оның жеке жаттықтырушысы Бисолт Дециевке ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан күрес федерациясының мәліметінше, Шымкент қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Марат Сапарбаев лицензия иегері Әлімхан Сыздықов пен оның жеке жаттықтырушысы Бисолт Дециевке ақшалай сыйақы берді. Сыздықовқа 3 миллион теңге, ал жаттықтырушысына 1 миллион теңгенің сертификаты табысталған.

Айта кетейік, Әлімхан Сыздықов Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын иеленген еді. Ол ақтық белдесуде қырғызстандық балуан Роман Кимді жеңді.

Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар: еркін күрес – 3, грек-рим күресі – 4.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2094611-parizh-olimpiadasynyng-zholdamasyn-ielengen-qazaqstandyq-baluanga-aqshalai-syiaqy-tabystaldy/

pixel