Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан жарыс қожайынын жеңіп, Олимпиада жолдамасын иеленді

Опубликовано:

Әлімжан Сыздықов
Әлімжан Сыздықов. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Грек-рим күресінің шебері Әлімхан Сыздықов (130 кг) жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Киммен кездесті. Бұл белдесу 7:7 есебімен аяқталғанымен, ұпай сапасы жөнінен қазақстандық балуан басым түсті.

Айта кетейік, осыған дейін Айдос Сұлтанғали (60 кг) мен Демеу Жадыраев (77 кг) Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ал Мейіржан Шермаханбет (67 кг) лицензия үшін белдесуде жеңіліс тапты.

Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар: еркін күрес – 3, грек-рим күресі – 4.

Әйелдер күресінен әзірге бірде-бір жолдама жоқ. Кеше, 20 сәуірде Бішкектегі турнирдің жартылай финалында күрескен қазақстандық балуан қыздардың ешбірі лицензия еншілей алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2088548-qazaqstandyq-baluan-zarys-qozaiynyn-zenip-olimpiada-zoldamasyn-zenip-aldy/

pixel