jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдошы Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің финалына шықты

    Мағжан Шамшадин
    Мағжан Шамшадин. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 кг салмақтағы Мағжан Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

    Енді қазақстандық дзюдошы финалда Тәжікстан өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын жүлдеге таласады.

    Мағжан Шамшадин өткен маусымның соңында жарақатына байланысты қатардан шығып қалған еді. Ол жарақатынан айығып, жақында ұлттық құрама сапына қосылды.

    Еске салайық, Мағжан Шамшадин 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді. Дзюдошы қазір олимпиадалық рейтингте 25-орында тұр.

    Дзюдошы Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.