Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға кім баратыны анықталады: Алматы төрінде танымал үш дзюдошы өзара бақ сынайды

Опубликовано:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы 60 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына кім баратынын анықтау үшін Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадиннің арасында іріктеу белдесулерін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Іріктеу белдесулері ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 7 маусым күні ұйымдастырылады", - делінген хабарда.

Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақ дәрежесі бойынша әр елден тек бір спортшы қатыса алады. Қазіргі таңда 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық үш спортшы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр.

Іріктеу белдесулері туралы толығырақ мәлімет қосымша хабарланады.

Еске салайық, Елдос Сметов өз салмағындағы командаластарын қарсылас санамайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2111580-eldos-smetov-nurqanat-serikbaev-zhane-magzhan-shamshadin-ozara-kuresip-olimpiadaga-kim-baratynyn-anyqtaidy/