Алматыда дзюдодан 60 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау үшін Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадиннің арасында іріктеу белдесулері өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Іріктеудің бірінші айналымында Мағжан Шамшадин мен Елдос Сметов белдесті. Бұл бәсекеде Мағжан үш рет ескерту алып, жеңіліп қалды. Келесі айналымда Мағжан Шамшадин Нұрқанат Серікбаевқа да есе жіберді. Шешуші кезеңде Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаев кездесіп, Елдос қосымша уақытта басым түсті. Осылайша, Париж Олимпиадасына Сметов баратын болды.
Айта кетейік, үш дзюдошы да Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр. Бірақ Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиадаға дзюдодан әр салмақ дәрежесі бойынша әр елден тек бір спортшы қатыса алады. Сол себепті Қазақстан дзюдо федерациясы үш спортшының арасында іріктеу белдесулерін өткізуді шешкен еді.
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2113779-dziudodan-60-kg-salmaq-darezhesinde-parizh-olimpiadasyna-kim-baratyny-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.