Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Париж Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасынан 8 дзюдошы бақ сынайды. Оның жетеуі – өз салмақ дәрежелерінде жекелей сайысқа қатысса, бір спортшы аралас-командалық жарыста сынға түседі.
Әйелдер:
- Әбиба Әбужақынова (48 кг);
- Камила Берліқаш (+78 кг);
- Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс).
Ерлер:
- Елдос Сметов (60 кг);
- Ғұсман Қырғызбаев (66 кг);
- Данияр Шамшаев (73 кг);
- Абылайхан Жұбаназар (81 кг);
- Нұрлыхан Шархан (-100 кг).
Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша жарыстар 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.
Еске салайық, Елдос Сметов Алматыда өткен іріктеу белдесулерінде Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевты жеңіп, Олимпиадаға жолдама алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2113932-eldos-smetov-pen-abiba-qazaqstan-namysyn-olimpiada-oiyndarynda-qorgaityn-dziudoshylar-kim/