jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдос Сметов пен Әбиба: Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында қорғайтын дзюдошылар кім

    Әбиба Абужақынова
    Әбиба Абужақынова. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

    Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Париж Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасынан 8 дзюдошы бақ сынайды. Оның жетеуі – өз салмақ дәрежелерінде жекелей сайысқа қатысса, бір спортшы аралас-командалық жарыста сынға түседі.

    Әйелдер:

    • Әбиба Әбужақынова (48 кг);
    • Камила Берліқаш (+78 кг);
    • Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс).

    Ерлер:

    • Елдос Сметов (60 кг);
    • Ғұсман Қырғызбаев (66 кг);
    • Данияр Шамшаев (73 кг);
    • Абылайхан Жұбаназар (81 кг);
    • Нұрлыхан Шархан (-100 кг).

    Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша жарыстар 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

    Еске салайық, Елдос Сметов Алматыда өткен іріктеу белдесулерінде Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевты жеңіп, Олимпиадаға жолдама алған еді.

    Елдос Сметов пен Әбиба: Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында қорғайтын дзюдошылар кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.