jitsu gif
Спорт

    Елдос Сметов: Олимпиада алтынын жеңіп алу арманымен өмір сүріп жүрмін

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

    Дзюдодан Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    7 маусымда Елдос Сметов 60 кг салмақ дәрежесінде 2024 жылғы Олимпиадаға ұлттық құраманың қатысушысын анықтаған ішкі айналым турнирінде жеңімпаз атанды.

    "Мен екі Олимпиаданың күміс пен қоласын жеңіп алдым. Бірақ әлі күнге дейін Олимпиада алтынын алу арманым. Парижге бір ғана мақсатпен барамын, ол арманымды орындау – Олимпиада ойындарында жеңіске жету. Мені кәрі спортшы дегенді жиі естимін. Десе де әлі бозкілемге шығып жүрмін. Өз деңгейімді көрсетіп, әлемдегі ең мықтылармен күресе аламын.

    Артымнан ерген екі ізбасарым бар. Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаев. Екеуі де әлемдік додаларда топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Әрқашан ағалық ақылымды айтып, әрбір жеңісіне шын жүректен қуанамын. Бұқаралық ақпарат құралдарында бізді бір-біріне қалай қарсы қоятынын, салыстыратынын көремін. Дегенмен менің басты бәсекелестерім басқа елдердегі спортшылар", - дейді Сметов.

    Айта кетейік, Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.