jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатында 8 жүлдеге қол жеткізді

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы
    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: UWW

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Амманда (Иордания) өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, 8 медальға қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық балуандар бұл турнирде сегіз жүлде еншіледі.

    Мерей Базарбаев (61 кг дейін) пен Шамсат Таир (86 кг дейін) Азия чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты.

    Ал Сұлтан Құрманғалиев (50 кг дейін), Рүстем Мырзағалиев (79 кг дейін), Әкежан Айтбеков (97 кг дейін) тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

    Олжас Қожақанов (70 кг дейін), Нұрдәулет Бекенов (92 кг дейін), Бекзат Әкімбай (125 кг дейін) қола медальға қол жеткізді.

    Осылайша Азия чемпионатының қорытындысы бойынша балуандарымыз 2 алтын, 3 күміс, 3 қоланы еншілеп, жалпы командалық есепте 2-орынға жайғасты. Ал бірінші орынды Үндістан құрамасы еншілесе, үшінші орынға Қырғызстан құрамасы жайғасты.

    Айта кетейік, Иорданияның Амман қаласында ұйымдастырылған бұл дода 22 маусым мен 30 шілде аралығында өтті.

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатында 8 жүлдеге қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.