Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбиба Әбужақынова 18 жастағы дзюдошыдан жеңіліп, Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалды

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: t.me/kazjudoteam

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлде үшін белдесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

48 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әбиба Әбужақынова үшінші орынға таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалды. Бабулфат қола жүлде еншілесе, Әбужақынова бесінші орын алды.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындырына алғаш рет қатысты. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.

Әбиба Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында Израиль спортшысы Шира Ришонимен күш сынасып, 1:0 есебімен басым түскен еді. Кейін ол 1/8 финалда Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта "иппон" әдісімен жеңді. Алайда ширек финалда испаниялық Лаура Мартинеске есе жіберіп алған болатын. Десе де жұбаныш белдесуінде парагвайлық Габриела Нарваэсті жеңіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140662-abiba-abuzhaqynova-algashqy-olimpiadasynan-zhuldesiz-qaitatyn-boldy/