Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйінші, алтын!: Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Елдос Сметов Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Елдос Сметов үш дүркін Олимпиада жүлдегері атанды. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль жеңіп алған еді.

Еске салайық, Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеаны жеңсе, 1/8 финалда украиналық Дильшот Халматовтан айласын асырған еді. Ал ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Юнг Вейден басым түскен болатын. Кейін жартылай финалда Испания спортшысы Франсиско Гарригосты жеңіп, мансабында екінші рет Олимпиаданың финалына шықты.

Осыған дейін дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалғанын жазған едік. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде Швеция өкілі Тара Бабулфатқа есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140671-eldos-smetov-parizh-olimpiadasynyng-chempiony-atandy/