Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: Данияр Шамшаев алғашқы айналымда өзбек дзюдошысынан жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Данияр Шамшаев
Данияр Шамшаев. Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

73 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Шамшаев 1/16 финалда Өзбекстан спортшысы Муроджон Юлдошевпен кездесті. Бұл белдесуде Шамшаев үш ескерту алып жеңіліп қалды.

22 жастағы Шамшаев – Азия чемпионы, "Grand Slam" турнирінің күміс жүлдегері. Ал 28 жастағы Юлдошев әлем чемпионатында қола, Азия ойындарында күміс медаль алған.

Кеше, 28 шілдеде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 66 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді. Ал жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов (60 кг) барлық қарсыласын жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141248-parizh-2024-daniiar-shamshaev-algashqy-ainalymda-ozbek-dziudoshysynan-zhengilip-qaldy/