Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды тумасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Дзюдошы Хидаят Гейдаров
Дзюдошы Хидаят Гейдаров. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

Қарағанды тумасы, дзюдодан Әзербайжан құрамасының мүшесі Хидаят Гейдаров Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Хидаят Гейдаров Париж татамиінде 73 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол финалға дейін жетіп, соңғы белдесуде Франция спортшысы Джоан-Бенжамин Габаны "иппон" әдісімен жеңді. Осылайша, Гейдаров алтын жүлде еншілеп, Әзербайжанға Париж Олимпиадасының алғашқы медалін сыйлады.

Хидаят Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Ол – әлем чемпионы (2024), әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері (2018,2019,2022), Еуропаның төрт дүркін чемпионы (2017, 2022, 2023, 2024).

Еске салайық, Париж Олимпиадасында 73 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев алғашқы айналымда өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевтан жеңіліп қалған еді.

Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Сол күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал кеше, 28 шілдеде тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141539-qaragandynyng-tumasy-parizh-olimpiadasynyng-chempiony-atandy/