Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы қыз алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты

Жарияланған күні:

Камила Берліқаш
Камила Берліқаш. Фото: Instagram/kaz_judoteam

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Париж Олимпиадасының 1/8 финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

78+ кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Камила Берліқаш Париж татамиіндегі алғашқы белдесуін моңғолиялық Амарсайханға қарсы өткізді. Нәтижесінде үш ескерту алған қазақстандық балуан қыз қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, осыған дейін Данияр Шамшаев (73 кг) бірінші айналымда өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевке есе жіберсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мажарстандық Аттила Унгвариден айласын асыра алмаған еді.

Олимпиаданың бірінші күнінде Елдос Сметов (60 кг) алтын жүлде еншілесе, келесі күні тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта қарсыласына жол берді. Эсмигүл Куюлова (63 кг) бірінші белдесуде сүрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2143662-qazaqstandyq-dziudoshy-qyz-algashqy-zhekpe-zheginde-zhengilis-tapty/