Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасында алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Айдос Сұлтанғали 1/8 финалда Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековпен күресті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде қазақстандық балуан 6:3 есебімен жеңіліп қалды. Жоламан финалға шығатын болса, Айдос жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алады.
Айдос Сұлтанғали – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы. Ал Жоламан Шаршенбеков – екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның үш дүркін чемпионы.
Осыған дейін қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиаданың ширек финалына шыққан еді.
Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 11 тамызға дейін болады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2144815-olimpiada-2024-aidos-sultangali-qyrgyz-baluanyna-ese-zhiberdi/