Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Youtube желісіндегі "Спорт Министрі" арнасына берген сұқбатында жеке бапкері туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
- Еуро-2024 Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Youtube желісіндегі "Спорт Министрі" арнасына сұқбат берді.
- Қырғызбаев жеке бапкерінің қола медаль үшін күрестен кейінгі эмоциялық реакциясын сипаттады.
- Дзюдошы бапкерінің оның жетістігіне қуанғанын және медальдің түсінен гөрі, оның алынуы маңызды екенін атап өтті.
"Қола медаль үшін күрестен кейін: "Ғұсман, Ғұсман", - деген дауысты естідім. Содан кейін құшақтастық. Кішкене эмоцияға берілген ғой деймін, маған көрсетпей бір жылап алған. Өте қатты қуанды. Ол кісіге мен алтын, күміс, қола медаль алғаным маңызды емес, бастысы медаль алғаныма қуанып тұр. Ол кісі де талай құрбандыққа барды ғой. Үнемі менің жанымда жүрді. Мен қалай қуансам, ол кісі де солай қуанды", - деді дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев.
Айта кетейік, дзюдодан ерлер арасында 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдесін еншілеген болатын.
Кеше, 5 тамызда Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралған болатын. Осы жиында Алматы қалалық дзюдо федерациясы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.
Сондай-ақ Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағы берілгенін де жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2145135-bapkerim-korsetpei-zhylap-aldy-gusman-qyrgyzbaev-zheke-bapkerining-qalai-quanganyn-aitty/