jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Демеу Жадыраев қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың ширек финалына өтті

    Демеу Жадыраев
    Демеу Жадыраев. Фото: Olympic.kz

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресті. 77 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде қазақстандық балуан мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңді. Енді Жадыраев ширек финалда қырғыз балуаны Ақжол Махмудовпен кездеседі.

    Еске салайық, кеше Париж боз кілеміне екі қазақстандық балуан шыққан еді. Әлімхан Сыздықов екінші белдесуінде Әзербайжан өкілі Сабах Шариатиден жеңіліп қалса, Айдос Сұлтанғали бірінші айналымда қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбековке есе жіберді. Шариати финалға өтпегендіктен, Әлімхан жұбаныш белдесуіне қатыса алмады. Айдос та қырғызстандық спортшы ақтық кезеңге шыға алмауына байланысты жұбаныш белдесуінен тыс қалды.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады.

    Демеу Жадыраев қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың ширек финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.