Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: балуан Демеу Жадыраев қырғызстандық екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты

Жарияланған күні:

Казахстанский борец Демеу Жадраев
Казахстанский борец Демеу Жадраев. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев ширек финалда Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовпен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалда Әзербайжан спортшысы Санан Сүлейменовпен күреседі.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Ақжол Махмудов – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы.

Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді.

Кеше, 5 тамызда Париж боз кілеміне Әлімхан Сыздықов пен Айдос Сұлтанғали шыққан болатын. Әлімхан ширек финалда, ал Айдос алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды. Кейін олар жұбаныш белдесуінде күресу мүмкіндігінен де айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2145234-parizh-2024-baluan-demeu-zhadyraev-qyrgyzstandyq-eki-durkin-alem-chempionyn-zhengdi/