Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері оның финалға шыққанын көріп, көз жасына ерік берді

Жарияланған күні:

Жұмахан Тұрғанбеков
Жұмахан Тұрғанбеков. Видеодан кадр: Tik-tok/sportqazaqstan

Әлеуметтік желіде Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековтың видеосы тарап, ел жүрегін елжіретті. Шәкіртінің финалға шыққанын көрген жаттықтырушы көз жасына ерік берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбеков шәкіртінің Олимпиада финалына шыққанын көріп, қуаныштан көз жасына ерік берген.
  • Әлеуметтік желіде тараған видеода Тұрғанбековтың эмоционалды реакциясы көрсетілген, ал желі қолданушылары бапкердің еңбегі мен қолдауына ризашылықтарын білдірген.
  • Жұмахан Тұрғанбеков - Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен Демеу Жадыраевтың ұстазы, ал Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында Жапония өкілі Нао Кусакамен күреседі.

Аса әсерлі сәттің видеосы TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған. Онда Жұмахан Тұрғанбековтың көпшілікпен Демеу Жадыраевтың финалға шыққанын тамашалап, соңында көз жасын тыя алмағанын көруге болады.

Желі қолданушылары білікті бапкердің шәкіртіне деген қолдауына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Осы атамның көз жасы алтынға айналсын", "Бар марапатқа осы кісі лайық. Бір емес екі Олимпиада жүлдегерін жаттықтырды", "Еңбегі ақталып жатыр. Әрине, жылайды. Туған баласындай тәрбиелеп, жаттықтырып чемпион жасады", "Үлкен жеңістер кіші спортзалдардан, осындай ағайлардан басталады", "Жылағаның көріп, жүрегім елжіреп кетті", "Еңбегіңіз жансын, аға. Сіздің еңбегіңіз елеулі", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Жұмахан Тұрғанбеков грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс, әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен әлем чемпионатының және Азия біріншілігінің күміс, қола жүлдегері Демеу Жадыраевтың ұстазы.

Еске салсақ, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты. Ол бүгін, 7 тамызда Жапония өкілі Нао Кусакамен Олимпиада алтыны үшін күреседі. Финалдық кезең сағат 21:15-те басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2145603-demeu-zhadyraevtyng-zheke-bapkeri-onyng-finalga-shyqqanyn-korip-koz-zhasyna-erik-berdi-video/