Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ спортшылары өте мықты": жапон балуаны Демеу Жадыраевты құрметтейтінін айтты

Жарияланған күні:

Демеу Жадыраев пен Нао Кусака
Демеу Жадыраев пен Нао Кусака. Фото: Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images

Жапон балуаны Нао Кусака қазақ спортшысы Демеу Жадыраевпен Париж Олимпиадасының финалындағы белдесуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің финалында Демеу Жадыраев пен Нао Кусака күрескен еді. Олимпиада алтынына таласта Кусака 5:2 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын. Ал Жадыраев күміс жүлде еншіледі.

"Белдесу мен үшін оңай болған жоқ. Қарсыласым Демеу мықты болды және соңына дейін күресті. Мен оны қатты құрметтеймін. Бар күшімді жұмсап белдестім. Қазақстандық спортшылар өте мықты және жеңіске жету маған оңайға түспеді. Мен сіздердің спортшыларыңызды құрметтеймін және олардың күші мен қабілеттерін мойындаймын", - Нао Кусака.

Айта кетейік, Парижде грек-рим күресінен сынға түскен өзге үш қазақстандық балуан жүлде еншілей алмады. Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберсе, Әлімхан Сыздықов (130 кг) ширек финалда Сабах Шариатиден (Әзербайжан) жеңіліп қалды. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) жартылай финал үшін өткен белдесуде Жан Беленюктен (Украина) айласын асыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2146240-qazaq-sportshylary-ote-myqty-zhapon-baluany-demeu-zhadyraevty-qurmetteitinin-aitty/