jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионы атанған дзюдошыны қазақстандықтар сән-салтанатпен күтіп алды (видео)

    Санжар Ерұланұлы елге оралды
    Санжар Ерұланұлы елге оралды. Скриншот: instagram.com/kaz_judoteam

    Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Санжар Ерұланұлы елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Қазақстан әлем чемпионын құрметпен күтіп алды. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Санжар Ерұланұлы елге оралды", - делінген Қазақстан дзюдо федерациясының хабарламасында.

    Айта кетейік, Санжар Ерұланұлы Лимада (Перу) жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде 90 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, финалға дейін жетті. Ол ақтық сында украиналық дзюдошы Лебид Дмитродан уақытынан бұрын иппон ұпайымен басым түсіп, алтын медаль еншілеген еді.

    Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Санжар Ерұланұлы жарысты екінші айналымнан бастады. Қазақстандық дзюдошы турнир барысында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ.

    Бұл – Санжар Ерұланұлының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Осыған дейін ол 2024 жылы дзюдодан 90 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанған. Енді Санжар бастаған дзюдошылар Алматыда өтетін Азия кубогінде бақ сынайды. 

    Әлем чемпионы атанған дзюдошыны қазақстандықтар сән-салтанатпен күтіп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.