jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық балуан қола жүлде жеңіп алды

    Қазақстандық балуан Оңдасын Хамитов
    Қазақстандық балуан Оңдасын Хамитов. Фото: uww.org

    Қазақстандық балуан Оңдасын Хамитов Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Грек-рим күресінен 60 кг салмақта белдескен Оңдасын Хамитов үшінші орынға таласта жапон балуаны Кохаку Каназаны 9:0 есебімен жеңді.

    Айта кетейік, Оңдасын Хамитов әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде үндістандық Мохит Нарвалды 12:2 есебімен жеңген еді. Кейін 1/8 финалда мексикалық Даниэль Пиментелден басым түссе (9:0), ширек финалда мажарстандық Эдмонд Домокостан айласын асырды (9:0). Бірақ жартылай финалда түркиялық спортшы Сервет Ангиге есе жіберген болатын (9:8).

    Испаниядағы әлем чемпионатында күрескен тағы екі қазақстандық балуан Айбек Айтбеков (55 кг) пен Темірлан Тұрдақын (87 кг) қола жүлде жеңіп алған еді.

    Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық балуан қола жүлде жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.