jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Паралимпиада-2024: қазақстандық дзюдошы қола жүлдеге таласта грузиялық қарсыласынан жеңілді

    Аяла Мереке
    Қазақстандық пара спортшы Аяла Мереке. Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Қазақстандық пара дзюдошы Аяла Мереке Париждегі Паралимпиада ойындарында қола жүлде үшін белдесіп, жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    J2 санатында (көру қабілеті нашар спортшылар) 70 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Аяла Мереке Токио-2020 ойындарының күміс жүлдегері грузиялық Инна Калданиге есе жіберді (1:0).

    Айта кетейік, Аяла Мереке Париж Паралимпиадасының ширек финалында Токио-2020 ойындарының қола жүлдегері жапониялық Казуса Огавадан жеңіліп қалған еді.

    Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Париж Паралимпиадасының 7 жүлдесі бар. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, оқ атудан Еркін Ғаббасов, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, дзюдодан Ерғали Шәмей күміс, ал жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков және дзюдодан Даяна Федосова қола жүлде жеңіп алды.

    Паралимпиада-2024: қазақстандық дзюдошы қола жүлдеге таласта грузиялық қарсыласынан жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.