jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Сегіз алтын: Көшпенділер ойындарының финалында күрескен барлық қазақ балуаны жеңіске жетті

    Бекжан Төлепов алтын медаль жеңіп алды
    Бекжан Төлепов алтын медаль жеңіп алды. Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар сегіз алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен қазақ күресінен финалдық кезеңде қазақстандық сегіз балуан күресіп, бәрі де алтын медаль еншіледі.

    Ерлер арасында Бекжан Төлепов (55 кг), Мейіржан Берекетов (60 кг), Дидар Тұқышов (66 кг) және Жұмажан Қожамбеков (74 кг) алтыннан алқа тақты.

    Ал әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (48 кг), Назерке Азаматова (52 кг), Рауза Нұрмахамметова (56 кг), Бақыт Куссакбаева (60 кг) жеңімпаз атанды.

    Ертең, 10 қыркүйекте қазақ күресінен екінші жарыс күні өтеді. Ерлер 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг, ал әйелдер 65 кг, 70 кг, 77 кг, +77 кг салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 261 спортшы қорғайды. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Сегіз алтын: Көшпенділер ойындарының финалында күрескен барлық қазақ балуаны жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.