Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы кураштан алтын жүлдеге ие болды
Опубликовано:
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кураштан Қазақстан құрамасының мүшелері өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін, 9 қыркүйекте елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кураштан Қазақстан құрамасы бір алтын еншіледі. Қазақстандық спортшы Альбина Бахиева жарыстың жеңімпазы атанды.
Кураштан бәсекелер екі күнге жоспарланған. Бұл сайыстар "Алау" мұз сарайында өтеді.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кураш бәсекесінде 27 елден 106 спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде ел намысын 8 қазақстандық спортшы қорғайды.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада болады. Оған 90-ға жуық елден 2000-нан аса спортшы қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2159308-koshpendiler-oiyndary-qazaqstan-quramasy-kurashtan-altyn-zhuldege-ie-boldy/