jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық екі дзюдошы әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

    Жанарыс Рахметқали, Ғалия Тынбаева және Шерзод Давлатов
    Жанарыс Рахметқали, Ғалия Тынбаева және Шерзод Давлатов. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

    Загребте (Хорватия) өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінің алғашқы күні Қазақстан қоржынына екі алтын, бір күміс жүлде түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 13 қыркүйекте Загреб татамиіне шыққан үш қазақстандық дзюдошы да финалға өтті. Оның екеуі алтын, біреуі күміс жүлде еншіледі.

    60 кг салмақта белдескен Шерзод Давлатов финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовты мерзімінен бұрын жеңіп, алтын медаль иеленді.

    Ал Жанарыс Рахметқали 66 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол финалда британиялық Майкл Фраерді қосымша уақытта жеңді. Осылайша, Жанарыс мансабында алғаш рет Гран-при турнирінде жеңіске жетті.

    Сондай-ақ әйелдер арасында 48 кг салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол ақтық белдесуде жапониялық Вакана Когаға есе жіберді.

    Айта кетейік, Загреб Гран-приі 15 қыркүйекке дейін болады. Қазір жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс жүлдемен көш бастап тұр. Екінші орынға Жапония (2 алтын), үшінші орынға Франция (1 алтын, 4 қола) жайғасты.

    Қазақстандық екі дзюдошы әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.