Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гран-при чемпионы атанған қазақстандық екі дзюдошы әлемдік рейтингте бірнеше сатыға көтерілді

Жарияланған күні:

Жанарыс Рахметқали
Жанарыс Рахметқали. Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошылар Жанарыс Рахметқали мен Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде бірнеше сатыға жоғарылады. Жақында екеуі де әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанарыс Рахметқали 66 кг салмақ дәрежесі бойынша рейтингте 15 сатыға көтеріліп 34-орынға тұрақтады. Ал Шерзод Давлатов 60 кг cалмақтағы дзюдошылардың рейтингінде бірден 30 сатыға жоғарылап, 42-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қос қазақстандық дзюдошы Загребте (Хорватия) өткен дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді.

Жанарыс Рахметқали финалда британиялық Майкл Фраерді қосымша уақытта жеңіп, мансабында алғаш рет Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. Шерзод Давлатов ақтық бәсекеде әзербайжандық Ахмад Юсифовты мерзімінен бұрын ұтып, бірінші орын иеленді.

Ал Загреб Гран-Приінде күміс жүлде еншілеген қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 48 кг салмақ дәрежесі бойынша рейтингінде үздік ондыққа кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2163348-gran-pri-chempiony-atangan-qazaqstandyq-eki-dziudoshy-alemdik-reitingte-birneshe-satyga-koterildi/