jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық балуан қыз әлемнің үздік 10 дзюдошысы қатарына кірді

    Ғалия Тынбаева
    Ғалия Тынбаева. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде үздік ондыққа кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ғалия Тынбаева 48 кг салмақ дәрежесіндегі рейтингте 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Оның еншісінде 3779 ұпай бар. Ал осы салмақтағы тағы бір қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова рейтингтегі бұрынғы орнын сақтап қалды. Ол 5778 ұпаймен 4-орында тұр.

    Айта кетейік, жақында Ғалия Тынбаева Загребте (Хорватия) өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда жапониялық Вакана Когаға есе жіберді.

    Ал биыл мамырда Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атанды. Астанада өткен жарыстың финалында Ғалия ресейлік дзюдошы Сабина Гилиязовамен кездесіп, алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын алып, белдесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

    Еске салайық, Загреб Гран-приінде қазақстандық дзюдошылар 2 алтын, 1 күміс жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасқан еді.

    Қазақстандық балуан қыз әлемнің үздік 10 дзюдошысы қатарына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.