jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің финалында кездесетін балуандар анықталды

    Ерсұлтан Мұзаппаров
    Ерсұлтан Мұзаппаров. Фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен XIII республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің финалында кездесетін балуандар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің жартылай финалдық бәсекелері аяқталды. Аталмыш бәсекенің финалында кездесетін балуандардың есімдері белгілі болды.

    Турнирдің ақтық сынында Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдеседі.

    Ал үшінші орын үшін таласта Әділ Оразбаев (Әскер барысы) пен Саят Шамшиев (Абай облысы) шеберлік байқасады.

    Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынады. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары.

    Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.

    "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің финалында кездесетін балуандар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.