jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Саят Шамшиев "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің 3-орын иегері атанды (видео)

    Саят Шамшиев
    Саят Шамшиев. Фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен XIII республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің 3-орын иегері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің 3-орын үшін белдесуде Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) шеберлік байқасты.

    Кездесудің нәтижесінде Абай облысының балуаны Саят Шамшиев басым түсіп, "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің 3-орын иегері атанды.

    Финалдық кездесуде Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдеседі.

    Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.

    Саят Шамшиев "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің 3-орын иегері атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.