jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Жәмилә Бақбергенова мансабында үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты

    Жәмила Бақбергенова
    Жәмила Бақбергенова. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының алтынына таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    72 кг дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Жәмилә Бақбергенова жартылай финалда 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригпен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық балуан 8:6 есебімен жеңіске жетті.

    Күндізгі сессияда Жәмилә молдовалық, сосын чехиялық палуаннан басым түскен болатын. Енді бозкілем шебері ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.

    Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген еді.

    Еске салайық, қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын Албания астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ақтық сынына шыққанын жазғанбыз. Қазақстандық спортшы 63 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында ресейлік Садық Лалаевты таза жыққан болатын.

    Жәмилә Бақбергенова мансабында үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.