jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі

    Нұрғожа Қайпанов Азия чемпионатының финалына шықты
    Нұрғожа Қайпанов. Фото: olympic.kz

    Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Тиранада (Албания) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы әлем чемпионатының жартылай финалында тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті 12:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда ол жапониялық Ешиносуке Аоягимен белдеседі.

    Бұл Нұрқожа Қайпанов өз мансабында әлем чемпионатының финалына екінші мәрте шығып отыр. Ол 2019 жылы Астанада өткен бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген.

    Нұрқожа Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңді. 

    Сондай-ақ еркін күрестен ұлттық құраманың спортшысы Дәулет Ергеш (79 кг) Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатынның жұбаныш белдесуінде сынға түседі.

    Айта кетейік, еркін күрестен финалдық бәсекелер 31 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

    Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.