jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын әлемдік рейтингте көш бастады

    Қазақстандық балуан Ержет Жарылқасын
    Қазақстандық балуан Ержет Жарылқасын. Фото: uww.org

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Ержет Жарылқасын Біріккен күресі әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ержет Жарылқасын 63 кг салмақ дәрежесіндегі рейтингте көш басына шықты. Оның қоржынында 47 000 ұпай бар. Әзербайжандық Нихат Маммадали 45 000 ұпаймен екінші орынға орналасса, үшінші орынға 31 000 ұпаймен армяндық Карен Асланян табан тіреді.

    Қазақстандық балуанның рейтингте көтерілуіне жақында аяқталған әлем біріншілігіндегі нәтижесі себеп болып отыр. Ол Тиранада (Албания) олимпиадаға кірмейтін салмақ дәрежелері бойынша өткен жарыста күміс жүлде еншіледі. Ержет 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әзербайжандық Нихат Маммадалиға есе жіберген еді.

    24 жастағы Ержет Жарлықасын сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Еске салайық, Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен 72 кг салмақ дәрежесіндегі рейтинге 4-орыннан 2-орынға көтерілгенін жазғанбыз.

    Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын әлемдік рейтингте көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.