jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Төрт баланың анасы 16 жыл үзілістен кейін екі-ақ апта жаттығып әлем чемпионатында "күміс" алды

    Келбет Нұрғазина (сол жақта бірінші)
    Келбет Нұрғазина (сол жақта бірінші): instagram.com/nurgazina_kelbet

    2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан қазақ дзюдошысы Келбет Нұрғазина 16 жыл үзілістен соң Лас-Вегаста (АҚШ) ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Халықаралық дзюдо федерациясының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Келбет Нұрғазина 52 кг салмақта белдесіп, күміс медаль еншілеген.

    "Спорттағы 16 жылдық үзілістен кейін, тұрмысқа шығып, 4 баланы өмірге әкеліп, 8 жыл мемлекеттік қызметте болғаныма қарамастан 2 апта бойы жаттығу жасап әлем чемпионатында күміс жүлдегер атандым. Ардагерлер арасында болса да бұл лайық жеңіс деп санаймын", - деп жазды Келбет Нұрғазина Instagram-дағы парақшаcында.

    Айта кетейік, Келбет Нұрғазина – дзюдодан 2006 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

    Ол 2004-2008 жылдар арасында дзюдодан ұлттық құрама сапында 48 кг салмақта өнер көрсеткен. Спортшы Бейжің Олимпиадасында 9-орын алған болатын.

    Төрт баланың анасы 16 жыл үзілістен кейін екі-ақ апта жаттығып әлем чемпионатында "күміс" алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.