jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар ел чемпионатында сенсация жасады (видео)

    Талғат Орынбасар Нұрқанат Серікбаевты жеңді
    Талғат Орынбасар Нұрқанат Серікбаевты жеңді. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Дзюдодан Ақтөбеде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Талғат Орынбасар сенсация жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Талғат Орынбасар ел біріншілігіндегі алғашқы белдесуінде 2023 жылғы Қазақстан чемпионы, Grand Slam жеңімпазы, әскерилер арасында әлем чемпионы Нұрқанат Серікбаевпен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекеде Талғат Орынбасар қарсыласын иппон әдісімен ұтып, сенсациялық жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Талғат Орынбасар әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының және кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

    Дзюдо федерациясының мәліметінше, Ақтөбедегі ел біріншілігіне 3 қала, 17 облыстан барлығы 510 дзюдошы тіркелген. 18 қарашаға дейін жалғасатын турнир шетелдік мамандардың қатысуымен жаңа бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Бұл чемпионатта медалдармен қатар, ел құрамасына кіру мүмкіндігі де сарапқа салынады

    Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар ел чемпионатында сенсация жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.