
Дзюдодан Ақтөбеде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Талғат Орынбасар сенсация жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Талғат Орынбасар ел біріншілігіндегі алғашқы белдесуінде 2023 жылғы Қазақстан чемпионы, Grand Slam жеңімпазы, әскерилер арасында әлем чемпионы Нұрқанат Серікбаевпен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекеде Талғат Орынбасар қарсыласын иппон әдісімен ұтып, сенсациялық жеңіске жетті.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының және кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Дзюдо федерациясының мәліметінше, Ақтөбедегі ел біріншілігіне 3 қала, 17 облыстан барлығы 510 дзюдошы тіркелген. 18 қарашаға дейін жалғасатын турнир шетелдік мамандардың қатысуымен жаңа бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Бұл чемпионатта медалдармен қатар, ел құрамасына кіру мүмкіндігі де сарапқа салынады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2187830-qazaqstandyq-dziudoshy-talgat-orynbasar-el-chempionatynda-sensatsiia-zhasady-video/