jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық балуан әскерилер арасында әлем чемпионы атанды (видео)

    Мейіржан Әшіров
    Мейіржан Әшіров. Скриншот: instagram.com/cska.kaz

    Қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров Армения астанасы Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Армия орталық спорт клубының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Армия спортшысы, ефрейтор Мейіржан Әшіров еркін күрестен 70 килограмға дейінгі салмақта топ жарды. Ол бірінші белдесуінде Ресей балуаны Инал Кетиямен кездесіп, қарсыласымен тең түссе де, соңғы ұпайды алғаны үшін Мейіржан жеңіске жетті. Кейін қазақстандық балуан Моңғолия өкілі О. Мергеншагайды 14:1 есебімен тізе бүктірді. Содан соң Иран балуанын 10:0 есебімен ұтып, ақтық сында үнді спортшысын айқын басымдықпен жеңді (6:2).

    Сонымен қатар Қазақстан құрамасынан грек-рим күресінің шебері кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 кг), әйелдер күресінен ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Светлана Анкичева (50 кг) қола жүлдегер атанды.

    Айта кетейік, Армениядағы әлем біріншілігі 24 қарашаға дейін жалғасады. Осыған дейін аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялаған едік.

    Қазақстандық балуан әскерилер арасында әлем чемпионы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.