Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың анасы Гүлзинат Ақберова Qazaqstan ұлттық арнасының "Әйел әлемі" телебағдарламасына берген сұқбатында Париж Олимпиадасының алдында түс көріп, қызының жеңілетінін білгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Жеңілетінін білдім. Жеңілетінін, ауырып жатқанын алдын ала түсімде көрдім. Барлық нәрсені менің жүрегім қатты сезеді. Жүрегім суылдаса, бұл жеңіледі. Қобалжымасам, бұл жеңеді деп отыра беремін.
Мен оның жеңілгенін емес, ең алдымен денсаулығын ойладым. Ең алдымен маған перзентімнің денсаулығы керек. Сол үшін аман-есен елге оралғанын ойладым. Осы уақытқа дейін көп медаль алып келді. Олимпиада әлі алда, Әбиба жас қой", - деді анасы Гүлзинат Ақберова.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Олимпиадада қола жүлде үшін белдесуде швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, 5-орынға табан тіреген еді.
Сондай-ақ Әбиба Әбужақынова болашақ жарының спорт әлемінен көргісі келетінін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2194974-zhengiletinin-tusimde-kordim-abibanyng-anasy-olimpiada-aldynda-bir-satsizdikti-sezgenin-aitty/