jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Болашақ жарым спортшы болса екен": Әбиба болашақ отбасы туралы ойын бөлісті

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова болашақ отбасы туралы өз ойын журналист Ақырыс Сейітқазының YouTube желісіндегі арнасына берген сұқбатында бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әбиба Әбужақынова болашақ жарының спорт әлемінен көргісі келетінін айтты.

    "Спортшыны тек спортшы ғана түсінеді. Болашақ жарым спортшы болса екен деп армандаймын. Себебі жаттығу кезінде оған көп көңіл бөле алмаймын, ал салмақ қуғанда ашушаң боламын, тамақ ішпеймін. Мұндай жағдайда мені түсінетін адам – спортшы. Бір спортшы жігітпен сөйлесіп көрдім, бірақ, өкінішке қарай, болмады", - деді Әбиба Әбужақынова.

    Сондай-ақ Әбиба Әбужақынова 7-арнадағы "Әйгерім Сейфолланың сырласуы" бағдарламасында ата-анасы жұмыс істемейтінін, оларды өзі асырап отырғанын айтқан еді.

    Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола медалі үшін күресте швециялық Тара Бабулфатқа есе жіберген болатын.

    "Болашақ жарым спортшы болса екен": Әбиба болашақ отбасы туралы ойын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.