Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Таланты бар": Дәулет Тұрлыханов балуан Ризабек Айтмұханның мансабына қатысты батыл пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қазақ балуаны Ризабек Айтмұханның болашақ мансабына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа қарсы мүмкіндігін бағамдап көрді.

"Қазір Ризабек ресейлік Абдулрашид Садулаевты жеңе ала ма? Маман ретінде айтайын – әзірге жоқ. Ризабектің бойы, бұлшықеті жақсы. Бірақ оған физикалық дайындығын күшейту керек. Тәжірибе уақытпен келеді. Ол жақсы әрі жоғары деңгейдегі күресті көрсетіп жүр. Бірақ кемшіліктері де бар. Мысалы, ол жиі аяғын беріп қояды. Бұл өте қауіпті, себебі қарсылас аяққа өткен жағдайда, бір жағынан, ұпай жоғалтса, екінші жағынан, жарақат алу қаупі бар. Сондықтан аяғын қорғауды үйрену керек. Ең бастысы, оған тәртіп керек. Жаттығуға көбірек мән беріп, жарыстарға жиі қатыспағаны дұрыс шығар. Мысалы, Тараздағы турнирде ол есепте 8:0 алда келе жатып, америкалық қарсыласына ұтылып қалды. Бұл әлі де атқаратын жұмыстың көп екенін көрсетеді. Бірақ бір нәрсе анық – оның таланты бар", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Айта кетейік, ресейлік спортшы Абдулрашид Садулаев 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада мен 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада алтын медаль еншілеген болатын. Сондай-ақ ол әлем чемпионатында 5 мәрте (2014, 2015, 2018, 2019, 2021) алтын жүлдені иеленген ол биыл Тиранада өткен әлем біріншілігінде 92 кг дейінгі салмақта жеңіске жетіп, алтыншы мәрте әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2206820-talanty-bar-daulet-turlyhanov-baluan-rizabek-aitmuhannyng-mansabyna-qatysty-batyl-pikir-bildirdi/