jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада қазақ күресінен еліміздің үздіктері бас қосқан "Дала қырандары" турнирі басталды

    Ерасыл Қажыбаев
    Ерасыл Қажыбаев. Фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

    Бүгін, 11 қаңтарда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен "Дала қырандары" турнирі басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жарыста 8 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Бұл турнирге еліміздің басты рейтингтік жарыстарында ең жоғары ұпай жинап, іріктеуден өткен 64 балуан қатысады. Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 кг салмақтан жоғары санатта боз кілемге шығып, "Дала қыраны" атағы үшін таласады.

    Өткен жылы Қазақстанда қазақ күресі бойынша 5 рейтингтік турнир ұйымдастырылды. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде үздік нәтижеге қол жеткізген 8 балуан іріктеліп, бүгінгі жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

    Айта кетейік, турнирде әлем чемпионаты мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары өнер көрсетеді. Қатысушылардың арасында танымал балуандар Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Алтынбек Аусағитов, Нұрдәулет Жарылғапов және Ерасыл Қажыбаев бар.

    Астанада қазақ күресінен еліміздің үздіктері бас қосқан "Дала қырандары" турнирі басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.