jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Биыл екі әлем чемпионатына қатысамыз": бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады

    Елдос Сайдалин. Фото
    Елдос Сайдалин. Фото: youtube.com/@AqyrysSeitqazy

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы маусымда әлем чемпионатына екі рет қатысады. Одан бөлек, бұрымды боксшылар тарихта тұңғыш рет 150 боксшының басын қосып, жиын өткізді. Бұл туралы бас бапкер Елдос Сайдалин журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Биыл бізді екі әлем чемпионаты күтіп тұр. Наурыз айында IBA -ның әлем біріншілігі өтеді. Сербиядағы сынға қатысамыз. Содан соң, қыркүйек айында Англияда World Boxing аясындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл бәсекеге де қатысамыз. Демек, біздің қыздарды екі бірдей әлем біріншілігі күтіп тұр. Одан бөлек, жоспарға сай халықаралық жарыстарда да бақ сынаймыз", - дейді Сайдалин.

    Айта кетелік, жаттығу жиынына тұңғыш рет 150 спортшы қатысуда. Қазақстанның жасөспірім, жастар және ересектер құрамасы бірінші рет бірлескен жиын өткізді.

    Жиынға қатысушылардың ең үлкені 38 жасқа қараса, ең кішісі 14 жаста.

    "Биыл екі әлем чемпионатына қатысамыз": бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.