jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ризабек Айтмұхан Алматыдағы турнирде Кайл Снайдерден ірі есеппен жеңілді

    Ризабек Аймұхан
    Ризабек Аймұхан. Фото: olympic.kz

    Алматыда өткен PWL-8 кәсіпқой күрес турнирінде қазақстандық әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесіп, ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Балуандар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті. 6 минуттық белдесуде Снайдер 8:0 есебімен басым түсті.

    Айта кетейік, Снайдер бұл күні екі белдесу өткізді. Ризабектен бөлек ол ресейлік Константин Пшеничниковты да жеңді. 

    "Алматы, үлкен рақмет! Барлығы тамаша болды. Осымен Қазақстанға екінші рет келіп тұрмын. 2019 жылы Астанадағы әлем чемпионатына келген болатынмын. Қазақстанға тағы да алғыс айтамын. PWL турниріне алғаш қатысуым. Ұйымдастырушы тарапқа рақмет. Барлығы сәтімен өтті", - деді америкалық даңқты балуан. 

    Кайл Снайдер – Рио олимпиадасың чемпионы, Токио олимпиадасың күміс жүлдегері, сондай-ақ әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. Даңқты балуан Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған.

    Ризабек Айтмұқан болса еркін күрестен 2024 жылғы әлем чемпионы. Тәуелсіз Қазақстан тарихында оған дейін мұндай биікті ешкім бағындырмаған.

    Еске салайық, аталған турнирге қатысқан Азамат Дәулетбеков Олимпиаданың күміс жүлдегері, Беларусь атынан күресетін дағыстандық Хадимагомедов Магомедхабибті жеңсе, Жәмила Бақбергенов қырғыз қызы Айпері Медетқызынан жеңіліп қалды.

    Ризабек Айтмұхан Алматыдағы турнирде Кайл Снайдерден ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.