jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Хорватияда күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында қазақстандық екі төреші төрелік етеді

    Ерік Жұмабеков
    Ерік Жұмабеков. Фото: olympic.kz

    Біріккен күрес әлемі (UWW) биыл Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатында төрелік ететін төрешілерді тағайындады. Ұйым жариялаған тізімге Қазақстаннан екі төреші енді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҰОК-тың мәліметінше, алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді жүргізетін қазақстандық төрешілер – Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков.

    Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Загребте 13-21 қыркүйек аралығында өтеді.

    Айта кетейік, былтыр қазақстандық мамандар Парижде өткен Олимпиада ойындарына төреші ретінде шақырылған болатын.

    Кейін Ерік Жұмабеков Ресейдің Омбы қаласында өткен "Дәстүр күші" атты халықаралық турнирде қазылық етіп, жарыстың үздік төрешісі деп танылды.

    Оған Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем және Еуропа чемпионы, гандболшы Игорь Лавров 60 граммдық алтын ысқырықты табыстаған еді.

    Хорватияда күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында қазақстандық екі төреші төрелік етеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.