jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанға 26 жыл күткен алтын медальді сыйлаған балуан Айдос Сұлтанғали елге оралды

    Айдос Сұлтанғали
    Айдос Сұлтанғали. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Араға 26 жыл салып Қазақстанға грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалін сыйлаған балуан Айдос Сұлтанғали Қазақстанға оралды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні Астана халықаралық әуежайында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері туған еліне оралды.

    Айдос Сұлтанғали елге оралды
    Айдос Сұлтанғали елге оралды. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Спортшыларды Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр қарсы алған.

    Айдос Сұлтанғали елге оралды
    Айдос Сұлтанғали елге оралды. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті бір минуттың ішінде таза жеңіп, әлем чемпионы атанды.

    Бұл – грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 26 жылдан кейін қол жеткізген алтын медаль.

    Айдос Сұлтанғали
    Айдос Сұлтанғали. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Соңғы рет 1999 жылы қазақстандық Мхитар Манукян 63 келіде әлем чемпионы атанған еді.

    Жалпы грек-рим күресінен отандық спорттың тарихына үңілсек, Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) қана жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем біріншілігінде топ жарған.

    Ал Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионтында қола жүлде еншілеген болатын.

    Әлем чемпионы атанған Айдосты жарқын жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

    Қазақстанға 26 жыл күткен алтын медальді сыйлаған балуан Айдос Сұлтанғали елге оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.